Герб
"АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ" КММ
Таусамалы ауылында Пазырық мәдениетіне жататын археолргиялық ескерткіштерге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде

Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың тапсырысымен Археологическая экспедиция ЖШС-гі Ақсу ауданы, Таусамалы ауылында Пазырық мәдениетіне жататын археолргиялық ескерткіштерге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Қазба жұмыстарының мақсаты Жетысу жерін мекендеген Пазырық мәдениетіне жататын ескерткіштерді ғылыми жағынан терең зерттеп археологиялық жаңа деректерді жинау. Бүгінгі қазба жұмыстарына орталық директоры Ғ.Оспанов пен орталықтың бөлім меңгерушісі Ж.Адамжанов қатысып қайтты.Айта кетсек Жетысу өлкесіндегі археологиялық ескерткіштерді кеніңен насихаттау мақсатында Археолгическая экспедиция мен Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық қызметкерлері бірігіп Тұран Тв арнасына деректі фильм түсіруде.