Герб
"АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ" КММ
Алматы облысы туралы

Алматы облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлігі. Жерінің аумағы 105,3 мың км2. Облыс аумағында 9 аудан және 1 облыстық бағыныстағы қала Қонаев бар. Тұрғыны 2 038 934 адам (2019).
Әкімшілік орталығы — Қонаев қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Жетісу облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.

Алматы облысы тарихы

Алматы облысының жері ежелден Сақ, Үйсін, Қаңлы тайпаларының, Ұлы жүз қазақтарының атамекені болды. 19 ғ-дың ортасында Жетісуды патшалық Ресей жаулап алды. 1848 ж. 10 қаңтарда отаршылық-әкімшілік құрылым — Ұлы Орда приставтығы құрылды. Ол 1856 ж. Алатау округі аталды. 1867 ж. Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғанда қазіргі Алматы облысының бірталай бөлігі Верный уезі атанып, Жетісу облысының құрамына кірді. Сонымен қатар орталығы Верный (Алматы) бекінісі болып белгіленген жаңа облысқа Жаркент, Қапал, Сергиополь, Тоқмақ, Ыстықкөл уездері енді. 1882 – 97 жылдары Жетісу облысы Дала генерал-губернаторлығына қарады. 1897 ж. бастап ол Түркістан генерал-губернаторлығының, 1918 – 24 жылдары Түркістан АКСР-і құрамында болып келді. 1924 ж. Орта Азияда жүргізілген ұлттық-территориялық межелеу нәтижесінде Жетісу облысының қазақ аудандары Қазақ АКСР-іне енді. 1929 – 32 жылдары Алматы округі аталды. 1932 жылдың 10 наурызында Алматы облысы болып қайта құрылды. 1944 ж. 16 наурызда Алматы облысынан Талдықорған облысы бөлініп шықты. Талдықорған облысы 1959 – 67 жылдары Алматы облысы құрамында болып, 1967 ж. 23 желтоқсанда қайта бөлінді. 1997 ж. 22 сәуірде Талдықорған облысы таратылып, оның аудандары Алматы облысына қосылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі "Алматы облысының әкімшілік орталығын көшіру туралы" № 585 Жарлығына сәйкес 2001 жылдан бастап Талдықорған қаласы облыс орталығы болды.

Алматы облысының аудандары
# Аудандар Әкімшілік орталығы
1 Балқаш ауданы Бақанас а.
2 Еңбекшіқазақ ауданы Есік қ.
3 Жамбыл ауданы Ұзынағаш а.
4 Іле ауданы Өтеген батыр а.
5 Қарасай ауданы Қаскелең қ.
6 Кеген ауданы Кеген а.
7 Райымбек ауданы Нарынқол а.
8 Талғар ауданы Талғар қ.
9 Ұйғыр ауданы Шонжы а.
Облыстық маңыздағы қалалар
10 Қонаев қ. Қонаев қ.

Балқаш ауданы

Алматы облысы, Балқаш ауданындағы ескерткіштер


Еңбекшіқазақ ауданы

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы ескерткіштер


Жамбыл ауданы

Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы ескерткіштер


Іле ауданы

Алматы облысы, Іле ауданындағы ескерткіштер


Райымбек ауданы

Алматы облысы, Райымбек ауданындағы ескерткіштер


Талғар ауданы

Алматы облысы, Талғар ауданындағы ескерткіштер


Кеген ауданы

Алматы облысы, Кеген ауданындағы ескерткіштер


Ұйғыр ауданы

Алматы облысы, Ұйғыр ауданындағы ескерткіштер


Қарасай ауданы

Алматы облысы, Қарасай ауданындағы ескерткіштер


Қонаев қаласы

Алматы облысы, Қонаев қаласындағы ескерткіштер


Мәдени мұра

Алматы облысы, мәдени мұра ескерткіштері


Қала құрылысы және сәулет

Алматы облысы, қала құрылысы және сәулет ескерткіштері