Герб
"АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ" КММ
Қонаев қаласы Ш.Уәлиханов мүсіні

Ш.Уәлиханов мүсіні. 2000 жыл. Қонаев қаласы Ш.Уәлиханов (Мұхамед-Ханафия) Шыңғысұлы (қараша 1835 Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісі- сәуір, 1865, Кербұлақ ауданы, Алтынемел ауылы) – Қазақтың ұлы ғалымы; ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклоршы, ағартушы-демократ. Тегі төре тұқымынан шыққан. Арғы атасы – Абылай хан. Уәлиханов 1856 жылы Омбы кадет корпусын бітіріп, 1861-62 ж. Санкт-Петербургуниверситетінің тарих-филология факультетінде дәріс алған. Жастайынан халықтық тарихи өлең-жырларды, аңыз-әңгімелерді қызыға тыңдайды. Құсмурындағы ауыл мектебінде оқып, араб, шағатай тілдерін жетік меңгереді. 1856 жылы ол Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедиция құрамында қырғыз елін зерттеу, Ыстықкөл алабын картаға түсіруге қатысты. Қашғарияда 1858 жылдың 1 қазаннан 1859 жылдың наурыздың орта шеніне дейін болған Шоқан Қашғар қаласы мен Алта шаһар елін тиянақты зерттеп, әр шалғайлардан келген саудагерлерден ғылыми-этнографиялық құндылығы жоғары ақпараттар алды.


Памятник Ш.Уалиханову 2000 год. Город Конаев Ш.Уалиханов (Мухаммед-Ханафия) Чингисулы (ноябрь 1835 г. Костанайская область, Крепость Кусмурун – апрель 1865 год, Кербулакский район, Алтынемель с.) – великий казахский ученый, востоковед, историк, этнограф, географ, фольклорист, просветитель-демократ. Фамилия происходит из дворянского рода. Прадед-Абылай хан. Уалиханов окончил Омcrbq кадетский корпус в 1856 и в 1861-62 годах. Учился на историко-филологическом факультете Санкт-Петербургского универнситета. С ранних лет он с интересом слушает народно- исторические стихи и легенды. Учился в сельской школе в Кусмуруне, изучал арабский, чагатайский языки. В 1856 году он принял участие в обследований Киргизской страны и картографирований Иссыккольской котловины в составе военно-научной экспедиций под руководством Хоментовского. Шокан, находившийся в Кашгарий с 1 октября 1858 г. До середины марта 1859 г. Тщательно изучил город Кашгар и страну Алты Шахар и получил от купцов, прибывших из дальних мест, сведения, имеющие большую научную и этнографическую ценность.


Monument to Sh.Ualihanov. 2000. The city of Konaev Sh. Ualihanov (Muhammad-hanafiya) Chingisuly (November 1835, Kostanay region, Fortress-Kusmurun –April 1865, Kerbulak district, Altynemel village) – great Kazakh scientist, orientalist, historian, ethnographer, geographer, folklorist, educator-democrat. The surname comes from a noble family. Great-grandfather Abylay Khan. Ualikhanov graduated from the Omsk Cadet Corps in 1856 and 1861-62 he studied at the Faculty of History and Philology of St. Petersburg University. From an early age, he listens with interest to folk historical poems and legends. He studied at a rural school in Kusmurun, studying Arabic and Chagatai languages. In 1856, he took part in surveys of the Kyrgyz country and mapping of the Issykkol Basin as part of a military-scientific expedition led by Khomentovsky. Shokan, who was in Kashgar from October 1, 1858 until mid-March 1859. He carefully studied the city of Kashgar and the country of Alty Shahar and received information of great scientific and ethnographic value from merchants who arrived from distant places.

QR коды
Қонаев қаласы Ш.Уәлиханов мүсіні