Герб
"АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ" КММ
Қонаев қаласы Даңқ мемориалы

2. Даңқ мемороиалы. 1992 жыл. Қонаев қаласы Даңқ обелискісі 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында құрбан болған тұрғындарының құрметіне салынған. «Даңқ мемориалы» монументтің негізгі мүддесі – халқымыздың ерлігін, күш қуатын қолына ту ұстаған батыр жауынгер арқылы білдіру. Ұлы Жеңіс – ол біздің ақ шашты аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік пен қаһармандыққа толы биік рухын күллі әлемге танытқан сындарлылық символына айналған күн. Жеңіс күні аға ұрпақтың сол жанқиярлық ісін ел жадында мәңгіге сақтауға арналған ең қастерлі мереке. 1941-1945 жылдардағы алапат от кешу туралы зерде-қасиетті ел-жұртымыздың жалпы тарихының бір бөлігі. Өйткені, аға ұрпақтың сол сұрапыл сындағы төзімділігі мен табандылығы, қайраты мен қаһармандығы болмаса, бүгін жарқын болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсіз Қазақстан да болмас еді.


Мемориал Славы. 1992 год. Город Конаев Обелиск Славы посвящен жителям погибшие в Великой Отечественной Войне в 1941-1945 годах. Основная цель Монумента «Мемориала Славы» - это передать через образ Солдата героя со знаменем в руках всю силу и героизм народа.


Memorial of Glory. 1992. The city of Konaev Obelisk of Glory is dedicated who died in the Great Patriotic War in 1941-1945. The main goal of the «Memorial of Glory» Monument is to convey through the image of the Heroic Soldier with a banner in his hands all the strength and heroism of the people.

QR коды
Қонаев қаласы Даңқ мемориалы