Герб
"АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ" КММ
Қонаев қаласы А.Құнанбаев мүсіні

А.Құнанбаев мүсіні. 2000 жыл. Қонаев қаласы Абай Құнанбаев (Ибраһим) (29.7.1845 Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауы 23.6.1904) – ұлы ақын, ойшыл, композитор. Ауылдағы Ғабитхан молдадан сауат ашып, 10 жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне оқуға барған. Мұнда араб, парсы тілдерін үйреніп, дін сабақтарын оқумен қатар Низами, Науаи, Сағди, Хафиз, Физули, т.б. шығыс классиктерінің шығармаларымен танысады. 13 жасында әке ықпалымен оқудан қол үзіп, әкімшілік билікке араласады. Отаршыл Ресейдің қол астындағы халқының ауыр тағдырын көріп өседі. 1875 жылы Қоңыркөкше елінде өткен сайлауда жеңіп шығып, 1878 жылға дейін болыс болады. Егде тартқан шағында биліктен іргесін аулақ салып, шығармашылықпен ғана шұғылданады. Абайдың көптеген шығармаларында Адам, Болмыс және Ғалам тақырыбы, сондай-ақ абсолюттік ақиқат сыры тұрақты орын алады.


Памятник А.Кунанбаеву 2000 год. Город Конаев Абай (Ибрагим) (29 июля 1845 года – Восточно-Казахстанкая область, Абайский район, Каскабулакский луг 23 июня 1904 года) – великий поэт, мыслитель, композитор. В 10-летнем возрасте он пошел учиться в медресе Ахмета Ризы в Семипалатинске. Помимо изучения арабского и персидского языков и изучений религий, знакомится с произведениями восточной классики Низами, Сагди, Хафиз, Физули. В 13 лет он бросил школу под влиянием отца и занялся администрацией. Он вырос видя тяжелое положение своего народа в колониальной Россий. В 1875 году он победил на выборах, состоявшихся в Коныркокше, и оставался на этом посту до 1878 года. В старости он отстранился от власти и занимался только творчеством. Во многих произведениях Абая постоянное место занимает тема Человечества, Бытия и Вселенной а также тайна абсолютной истины.


Monument to A.Kunanbaev. 2000. The city of Konaev Abay (Ibrahim) (July 29, 1845-East Kazakhstan region, Abay district, Kaskabulak meadow -June 23, 1904) – great poet, thinker, composer. At the age of 10, he went to study at the Akhmet Riza madrasah in Semipolatinsk. In addition to studying Arabic and Persian languages and studying religions, he gets acquainted with the works of oriental classics Nizami, Sagdi, Hafiz, Fizuly. At the age of 13, he left school under the influence of his father and went into administration. He grew up seeing the plight of his people in colonial Russia. In 1857, he won the elections held in Konyrkokshe, and remained in this post until 1878. In old age, he stepped away from power and was engaged only in creativity. In many of Abay`s works, a permanent place is occupied by the theme of Humanity, Existence and the Universe, as well as the mystery of absolutely truth.

QR коды
Қонаев қаласы А.Құнанбаев мүсіні