Герб
"АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ" КММ
Қонаев қаласы ҰОC қаза болған жерлестерге арналған обелиск

Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлестерге арналған обелиск. 1975 жыл. Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы. Обелиск 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында құрбан болған тұрғындарының құрметіне салынған. Ұлы Жеңіс – ол біздің ақ шашты аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік пен қаһармандыққа толы биік рухын күллі әлемге танытқан сындарлылық символына айналған күн. Жеңіс күні аға ұрпақтың сол жанқиярлық ісін ел жадында мәңгіге сақтауға арналған ең қастерлі мереке. 1941-1945 жылдардағы алапат от кешу туралы зерде-қасиетті ел-жұртымыздың жалпы тарихының бір бөлігі. Өйткені, аға ұрпақтың сол сұрапыл сындағы төзімділігі мен табандылығы, қайраты мен қаһармандығы болмаса, бүгін жарқын болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсіз Қазақстан да болмас еді.


Обелиск воинам односельчанам павшим в Великой Отечественной войне. 1975 год. г.Конаев, с.Шенгельды Обелис воздвигнут в честь героев, павших в Великой Отечественной войне.


Obelisk to the soldiers of fellow villagers who fell in the Great Patriotic War. 1975 The city of Konaev, Shengeldy village The obelisk was erected in honor of the heroes who died in the Great Patriotic War.

QR коды
Қонаев қаласы ҰОC қаза болған жерлестерге арналған обелиск