Герб
"АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ" КММ
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгер-жерлестерге арналған ескерткіш

Бастапқы ескерткіш 2008 жылы Жамбыл көшесінде әкімдік ғимаратының алдында орнатылған 2016 жылы ескерткіштің орны ауыстырылды қазіргі таңда ескерткіш Жамбыл ауылы Жамбыл көшесі ауылдық мәдениет үйі мен «Бәйдібек баба» мешітінің ортасында орналасқан. Ескерткіш Ұлы Отан соғысында және соғыстан қайтып келген жерлестерге арналған.

Ескерткіш тот баспайтын трубалардан, бес бұрышты жұлдызша іспеттес пішінде жасалған биіктігі 6 метр. Ескерткіштің екі жағында қаза тапқан жауынгерлердің есімдері мрамор тасына ойылып жазылған. Ескерткіш алдында мәңгі алау бар. Ескерткіш темір қоршаумен қоршалған.

QR коды
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгер-жерлестерге арналған ескерткіш