Герб
"АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ" КММ
Құртқа тәуіп кесенесі
Қазақша

Құртқа тәуіп кесенесі. 2002 жыл. Алматы обылысы, Жамбыл ауданы, Айдарлы а/о Құртқа Сұлтанқожаұлы /1770-1906жж/ Жетісу мен көрші қырғыз еліне кең тараған халық емшісі. Ұлы жүздің Шапырашты тайпасынан. Арабша-парсыша хат таныған . Петербордағы медицина институтын бітірген. Ол еліне қамқор абыз, әулие, көріпкел, қасиетті адам болған. Үш ғасыр адамдарымен араласқан, емшілігімен аты шыққан өте білімдар бабамыз жайында айтылатын естеліктер аз емес .Соның бірінде Құртқа бабамыз : «Ауырған жанды аялауымыз керек. Қаскунем-қарақтан өледі, қомағай - тамақтан өледі, батыр - садақтан өледі. Жараның азабын –жаралы біледі, Қазаның азабын қаралы біледі. Ері саудың-елі сау, аурулы елде-кунде дау .Ел- жұртымды аурудан, даудан аман қылсын»-деп тілеген екен. Бұл Гипократ антынан кем бе? Құртқа тәуіп-оташы, шөппен де, дәрімен де емдей білген. Оны Ибн-Сина , Өтейбойдақ секілді ірі тарихи тұлға деп қарауымыз керек. Ол курделі операциялар жасай білген, Қоқандықтармен соғыста жаралы болғандарды емдеп, сүйектегі оқты алған. Емші бола жүріп, өзін емди журіп Құртқа баба 139 жыл өмір сүріпті. Өзінің аяғына операция жасаған. Жузге келген шағында бабаның тісі күріштей болып қайта шығыпты. Құртқа баба жаңа қонысқа су қосқан дәрі шашып аластайды екен. Түрлі жыландардың уынан дәрі жасап пайдаланған. Соқыршекті емдеп жаза білген. Кемеңгер бабамыз қазіргі рак ауруының да емдеу тәсілін білген екен. Сұраншы батыр жау қолынан аман кетсін деп Сарыбайды дарбазадан лақтырып жібергенде, оның жамбасы үш жерден сынып, екі қабырғасы алты рет опырылып кетіпті. Оны құртқа тәуіп емдеп жазған екен.


Русский


Мавзолей Куртка тауып. 2002 год. Алматинская область, Жамбылский район, Айдарлы р/ц. Куртка Султанкожаулы(1770-1906) был народным целителем, который был широко распространен в Жетысу и соседней киргизской стране. Из племени Шапырашты Улы Жуза. Окончил Санкт-Петербургский медицинский институт, где изучал арабо-персидсий язык. Он был священником, святым, провидцем, добродетельным человеком, заботившимся о своей стране. Много воспоминаний о нашем ученом дедушке, который общался людми трех веков. В одном из них Куртку тауып сказал: «Надо беречь больную душу. Злоумышленник умрет от вора, обжора умрет от еды, а герой умрет от лука. Мы должны считать его великой исторической личностью, такой же как Ибн Сина. Он умел проводить хирургические операций раненым в войне с коканцами, обробатовать и удалять пули из костей. Будучи целителем Куртка тауып прожил 136 лет. Он знал как лечить рак.


English


Mausoleum of Kurtka tauyp. 2002 Almaty region, Zhambyl district, Aidarly d/c Kurtka Sultankozhauly (1770-1906) was a folk healer who was widespread in Zhetysu and the neighboring Kyrgyz country. From the Shapyrashty Uly Zhuz tribe. He graduated from the St. Petersburg Medical Institute. Also he studied the Arabic-Persian language. He was a priest, a saint, a seer, a virtuous man who cared about his country. There are many memories of our learned grandfather, who communicated with people of three centuries. In one of them, Kurtka tauyp said: «We must take care of asick soul. An intruder will die from a thief, a glutton will die from eating, and a hero will die from a bow». We must consider him a great historical figure, just like Ibn Sina. He knew how to perform surgical operations on the wounded in the war with the Kokans, process and remove bullets from bones. As ahealer, Kurtka tauyp lived for 136 years. He knew how to treat cancer.

QR коды
Құртқа Тәуіп кесенесі