Қазыбек бек Тауасарұлы, баласы Қасқары батыр, немересі Молдабай батыр бабалардың ескерткіші
Қазақша
. Қазыбек бек Тауасарұлы,баласы Қасқарыбатыр, немересі Молдабай батыр бабалардың ескерткіші.
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Теміржол а/о. 2011 жыл .
Қазыбек Тауасарұлы «т.ж. белгісіз – 1723»-Наурызбай батыр әскерінің мыңбасы. Шапырашты тайпасы Асыл руының Әжеге деген атасынан шыққан. Құба қалмақтармен соғыста тұтқынға түскен ағасы Байкөбекті құтқармақ болып, көп қалмақпен соғыс үстінде өлген. Батыр өлген жерді «қазіргі Алматы обл. Балқаш ауд» жергілікті халық «Қазыбек тауы деп атап кеткен.
Қасқары «1710-1771» жас кезінен әкесімен бірге қазақ-қалмақ соғысына қатысқан. 1731 жылы Көкдөң үстінде «қазіргі Боралдай станциясы» Цамал ханның сақа батыры ,
«өгіз қалмақ атанған боралдайды жекпе- жекте өлтірген «Қазақ совет энциклопедиясы, 6 том, 535 бет». Қазақ –Қалмақ соғысында қаза тапқан батыр Молдабай Қасқарыұлының да бейіті сол жерде.
Қазыбек ауылының сыртында ашық алаңқайға орнатылып, айналасын арнайы құйылған шойын қоршаумен қоршалған екерткіштің тұғыры биік, граниттен қашалып, еңселі әрі қазіргі заманғы осы типтес архитектуралық нысандарға қойылатын талаптарды толық ескере отырып жасалынған. Гранит тастан жасалған тұғырға Қазыбек бек Тауасарұлы, баласы Қасқары батыр, немересі Молдабай батыр бабалардың бейнелері қашалып, аты-жөні жазылған. Еденіне арнайы тастар төселген.
Русский
Памятник Казыбек бека Тауасарулы, сына Каскары батыра, внука Молдабай батыра. 2011 год.
Алматинская область, Жамбылский район, с/оюТемиржол
Казыбек Тауасарулы (г.р. неизв. 1723 год) – командующий войском батыра Наурызбай. Племя Шапырашты произошло от родоначальника рода Асыл по имени Ажике. Он пытался спастисвоего брата Байкобека, попавшего в плен на войне с калмыками и погибшего в войне со многими калмыками. Место, где погиб герой, называется (ныне Алматинская область, Балхашский регион) местные жители называли его «Гора Казыбек»
Каскары (1710-1771) с юности участвовал в казахско-калмакской войне вместе с отцом. В 1731 году на Кокдоне батыр Цамал хана убил Боролдая. Казахская-советская энциклопедия, том 6, стр.535. Там же находится могила Молдабая Каскараулы погибший в казахско-калмакской войне.
English
Monument to Kazybek bek Tauasaruly, son of Kaskara batyr, grandson of Moldabay batyr. 2011
Almaty region, Zhambyl district, d/c Temirzhol
Kazybek Tauasaruly (b. unknown. 1723) commander of the Nauryzbai batyr`s army. The Shapyrashty tribe came from the ancestors of the Asyl clan named Azhike. He tried to save his brother Baikobek, who was taken prisoner in the war with the Kalmyks and died in the war with many Kalmyks. The place where the hero died is called the locals called it «Mount Kazybek».
Kaskary (1710-1771) from his youth participated in the Kazakh-Kalmak war with his father. In 1731, on Kokdon, the batyr Tsamal khan killed Boroldai. There is also the grave of Moldabay Kaskarauly, who died in the Kazakh-kalmak war.