Назарбай би кесенесі
Қазақша
Назарбай би кесенесі. 2002 жыл
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарасу а/о.
Басқыншылармен болған қақтығыста ерен ерлігімен танымал, жүзбасы болған, халықты бірлікке, ынтымаққа шақырған Айдар ата ұрпағы-Назарбай биге арналып орнатылған кесене.
Жетісу өңіріне белгілі би, Шапырашты руының Көшек тармағынан шыққан Назарбай Сабақпаевтың туған жері – Шамалған болыстығының №4 ауылы.Назарбай би елдің сол кездегі тұрмыс салтына, мұң -мұқтажына қызу атсалысқан. Үлкендердің әңгімесінде ол азамат ретінде ел ішінде ішінара болып тұратын барымта-сырымта, ұрлық-қарлық, жер мен жесір дауының жанжалы сияқты теріс қылықтарға тыйым салып, жетім мен жесірдің хақын жемеуге, ел ішінің тыныштығын бұзбауға, көрші-қолаңның, ағайынның бірлігін сақтауға шақырып отырған, дейді. Ел шырқын бұзатын телі мен тентекті тыйып, жуанға жем болған кедейлерге намысын жыртып, теңдік әперуге күш салады екен. Назарбай Сапақбаевтың өзі саудаға бейім болған.
Қызыл граниттен жасалған кесене. Тақталы баспалдақпен шығатын тұғыры биік ескерткіш. Алаңы бар, асфальт төселген.
Русский
Мавзолей Назарбай бия. 2002 год.
Алматинская область, Жамбылский район, с/о Карасу
Он посвящен Назарбаю би, предку Айдара, который был известен своей храбростью в борьбе с захватчикамиб был сотником и призывал народ к единству и солидарности.
English
Mausoleum of Nazarbai bi. 2002
Almaty region, Zhambyl district, d/c Karasu
It is dedicated to Nazarbai bi, the ancestor of Aidar, who was known for his courage in the fight against the invaders, was a centurion and called the people to unity and solidarity.