Герб
"АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ" КММ
Наурызбай батырға арналған белгі тас
Қазақша

Наурызбай батырға арналған белгі тас. 2002 жыл. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Бесбатыр тауы. Шапырашты Наурызбай «1706-1781»- жоңғарларға қарсы курескен батыр. Ұлы жүздегі Шапырашты руының Төлеміс тармағынан. Жамбыл ауданындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлерде тұрған. Абылай ханның ту ұстаушы үш батырының «Каракерей Кабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай» бірі, қолбасшы - он мың басы. Наурызбайдың бүкіл өмірі жоңғарларға қарсы соғыспен өткен. Жоңғарлармен соғыста оның Құдайберген, Шолпан, Дүйсен деген үш бауыры бірдей қаза табады. Наурызбайдың 1729 ж жоңғар нояндары Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтірген ерлігі қазақ даласында кең тараған. 1750-52ж ол Бәсентиін Малайсары, Қыстық Малай, Шапырышты Қасқары батырларымен бірге жоңғарларды Тұрфаннан асыра қуып талқандаған, көп қазақты тұтқыннан босатқан. Наурызбайдың Онтағар, Жақсылық, Шәшке деген балаларынан тараған ұрпақ 20 ғасырдың 30-жылдары уш жүз түтінге жеткен. Олар Жамбыл, Қарасай, Талғар, Іле және Еңбекшіқазақ аудандарын мекендейді.

Наурызбай батырға арналған белгі тас мрамормен жасалған, еңселі әрі қазіргі заманғы осы типтес архитектуралық нысандарға қойылатын талаптарды толық ескере отырып жасалынған. Ашық алаңқайға орнатылып, айналасы темір шынжырмен қоршалған.


Русский


Могильник Наурызбай батыра. 2002 год. Алматинская область, Жамбылский район, гора Бесбатыр Шапырашты Наурызбай «1706-1781» - герой воевавший с джунгарами. Из Толемысской ветви, рода Шапырашты в Улы жузе. Жил в поселках Жалпактас и Сериктас Жамбылской области. Один из трех (Каракерей Кабанбай, Канжигалы Богенбай, Шапырашты Наурызбай) знаменосцев Абылай-хана. Всю жизнь Наурызбай провел в борьбе с джунгарами. В войне с джунгарами его братья Кудайберген, Шолпан и Дуйсен умирают. 1729 году становится широко известен в казахской степи за победу в поединке с джунгарскими ноянами Шамалхан и Каскелен . 1750-52 гг. Вместе Басентин Малайсары, Кыстык Малай, Шапырашты Каскыр ппреследовал и разгромил джунгар за Турфаном. Освободил из плена многих казахов. В 30-е годы 20 века поколение, происходящее от детей Наурызбая Онтагар, Жаксылык и Шашке достигло трехсот домов. Они проживают в Жамбылском, Карасайском, Талгарском, Илийском и Енбекшиказахском районах. В городе Алматы названа улица в честь Наурызбай батыра, а в Жамбылском районе – школа.


English


Burial ground of Nauryzbay batyr. 2002. Almaty region, Zhambyl district, mount Besbatyr Shapyrashty Nauryzbai (1706-1781) a hero who fought against the Dzungars. From the Tolemis branch, the Shapyrashty clan in Uly Zhuz. He lived in villages of Zhalpaktas and Seriktas of the Zhambyl region. One of the three (Karakerei Kabanbai, Kanzhigaly Bogenbai, Shapyrashty Nauryzbai) standard-bearers of Abylai khan. Nauryzbai spent his whole life in the fight against of Dzungars. In the war with the Dzungars, his brothers Kudaibergen, Sholpan and Duisen die. In 1729, he became widely Known in the Kazakh steppe for his victory in a duel with the Dzungarian noyans Shamalkhan and Kaskelen. 1750-52, together, Basentiin Malaysary, Kystyk Malay, Shapyrashty Kaskyr pursued and defeated the dzungars behind Turfan. He freed many Kazakhs from captivity. In the 30s of the 20th century, the generation descending from the children of Nauryzbai Ontagar, Zhaksylyk and Shashke reached three hundred houses. They live in Zhambyl, Karasai, Talgar, Ili and Enbekshikazakh regions. In the city of Almaty a street was named in honor of Nauryzbai batyr, and in Zhambyl district a school was named.

QR коды
Наурызбай батырға арналған белгі тас