Герб
"АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ" КММ
1941-1945 жылдары ҰОС қаза тапқан жауынгер-жерлестерге арналған ескерткіш

1941-1945 жылдары ҰОС-да ерлікпен қаза тапқан жауыңгер-жерлестерге арналған ескерткіш, 1985 жылы Жеңістің 40-жылдық мерекесіне арналып «Беріктас» совхозының қаражатына салынған. Ауылдық мәдениет үйінің алдындағы саябаққа оңтүстікке қарай орналасқан.

Ескерткіш тұғырының биіктігі 2,2м, көлемі 5,8 шаршы метр цементтен жасалған. «Ер есімі ел есінде» деген тақырыппен ауылдағы 28 соғыс ардагерінің тізімі жазылған. Тұғырдың үстіне қарулы жауыңгердің биіктігі 2 метрлік гипстен жасалған мүсіні орнатылған. Жалпы көлемі 700 шаршы метр асфальтталған алаңға орналасқан. Айналасына саябақ отырғызылған.

QR коды
1941-1945 жылдары ҰОС қаза тапқан жауынгер-жерлестерге арналған ескерткіш