1941-1945 жылдары ҰОС қаза тапқан жауынгер-жерлестерге арналған ескерткіш
1990 жылы 9-мамыр күні Ұлы Жеңістің 45 жылдық мерекесіне орай Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлес- жауынгерлерге ескерткіш-белгі қойылды. Ескерткіштің түпкі нұсқасының сызылып, оның жүзеге асырылуына атсалысқан Сәбетбек Еркінбайұлы.
Гранит тастан жасалған тұғырға Ұлы Отан соғысында қаза болған 9 жауынгер-жерлестердің аты-жөндері жазылған. Ескерткіштің ең жоғарғы жағында Ұлы Отан соғысының ордені және соғыс жылдарының даталары жазылған, еденіне арнайы тастар төселіп, темір шынжырмен қоршалған, екі жағына гүлзар жасалған.