Түрген ауылы саябақ ішіндегі ҰОС арналған обелиск
Түрген ауылы. ҰОС орталық көше бойында, саябақ ішінде.
ҰОС қаза болған жерлес-жауынгерлерге арналған обелиск 1978 жылы Түген ауылының шағын бағына орналасқан. Ескерткіштің материалы бетон. Монументі, металдан. Тұғырда шабуылға бара жатқан жауынгерлердің бет бейнелері салынған. Обелисктің артында қаза болған, жерлес жауынгерлердің аты-жөні жазылған. Ұлы Жеңіс – ол біздің ақ шашты аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік пен қаһармандыққа толы биік рухын күллі әлемге танытқан сындарлылық символына айналған күн. Жеңіс күні аға ұрпақтың сол жанқиярлық ісін ел жадында мәңгіге сақтауға арналған ең қастерлі мереке. 1941-1945 жылдардағы алапат от кешу туралы зерде-қасиетті ел-жұртымыздың жалпы тарихының бір бөлігі. Өйткені, аға ұрпақтың сол сұрапыл сындағы төзімділігі мен табандылығы, қайраты мен қаһармандығы болмаса, бүгін жарқын болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсіз Қазақстан да болмас еді.
Село Тургень. Находится в парке на центральной улицы. Обелиск соотечественникам, погибшим в ВОВ, установили в 1978 году в Тургене в небольшом саду. Великая Победа – день, ставший символом мужества и героизма, явивший всему миру высокий дух наших седоволосых дедов и отцов. День Победы – самый заветный праздник, посвященный тому, чтобы навсегда сохранить в памяти страны самоотверженный труд старшего поколения. 1941-1945 годы являются частью общей историй нашего святого народа. Ведь без выдержки и решительности, силы и героизма старшего поколения сегодня не было бы независемого Казахстана, сделавшего смелый шаг к светлому будущему.
Turgen village. Located in the park on the main street. The obelisk to the compatriots who died in the Second World War was erected in 1978 in a small garden in Turgen. The Great Victory is a day that has become a symbol of courage and heroism, showing the whole world the high spirit of our gray-haired grandfathers and fathers. Victory Day is the most cherished holiday dedicated to forever preserving in the memory of the country the selfless work of the older generation. The years 1941-1945 are part of the general history of our holy people. After all, without the endurance and determination, strength and heroism of the older generation, today there would be no independent Kazakhstan, which took a bold step towards a bright future.