ҰОС қаза тапқан батырларға арналған обелиск
Баканас ауылдық округі, Бақанас ауылы. Ұлы Жеңіс – ол біздің ақ шашты аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік пен қаһармандыққа толы биік рухын күллі әлемге танытқан сындарлылық символына айналған күн. Жеңіс күні аға ұрпақтың сол жанқиярлық ісін ел жадында мәңгіге сақтауға арналған ең қастерлі мереке. 1941-1945 жылдардағы алапат от кешу туралы зерде-қасиетті ел-жұртымыздың жалпы тарихының бір бөлігі. Өйткені, аға ұрпақтың сол сұрапыл сындағы төзімділігі мен табандылығы, қайраты мен қаһармандығы болмаса, бүгін жарқын болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсіз Қазақстан да болмас еді.