Бөлтірік шешен ескерткіші
Бөлтірік шешен Әлменұлы (1771-1854) белгілі халық шешені, жастайынан батырлық, ақындықты қуып, есейген шағында ел арасындағы жер, су, еңбек, құн және жесір дауларына талай рет әділ төрелік айтқан. Бөлтірік шешеннің даналық нақыл сөздері қырғыз бен өзбектер арасында да кездеседі. Бөлтірік сонымен бірге мерген, саяткер, ат үстінен алдырмайтын шабандоз, батыр болған. Есейген шағында ел арасындағы талас-тартыстарға араласып, әділ де шешен төрелік айтқан. Сондықтан да халқы оны қалап, би сайлаған.