Герб
"АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ" КММ
4 ескерткіш. Қарасай ауданы.

Рахым Алмабекұлы Оразалиев (8.12.1935 ж.т., Алматы облысы Қарасай ауданы Каменка ауылы) – ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор , Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазақ аграрлық университетін бітірген. Рахым Алмабекұлы Оразалиев бидайдың бірнеше сорттары мен түрлерінің негізгі биологиялық заңдылықтарын, гибридті бидайдың генетикасы мен физиологиясын зерттеп, қазақстандық агроэкотиптің бірнеше сорттарының биологиялық және селекциялық модельдерін жасаған. Генетика, физиология, биохимия, биотехнология, молекулалық биология саласында жасаған іргелі және қолданбалы зерттеулерінің арқасында дәнді дақылдар сорттарының модельдері мен критерийлері, принциптері негізделген. Оразалиевтің жетекшілігімен дәнді дақылдардың 110 сорты шығарылды, оның 40 сорты аудандастырылып, Мемлекеттік селекциялық көрсеткіштер реестріне енгізілген. 620 ғылыми жұмыстың, оның ішінде 12 монографияның авторы. 10 алгоритм мен патенттің, 40 авторлық куәліктің иегері. “Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.


Рахим Алмабекулы Оразалиев (род. 8 декабря 1935, село Каменка Карасайского района Алматинской области) — учёный, доктор биологических наук, профессор, академик Национальной академии наук Казахстана. Заслуженный учёный Казахстана. Окончил Казахский аграрный университет. Рахим Алмабекулы Оразалиев изучил основные биологические закономерности нескольких сортов и видов пшеницы, генетику и физиологию гибридной пшеницы, создал биологические и селекционные модели нескольких сортов казахского агроэкотипа. На основе фундаментальных и прикладных исследований в области генетики, физиологии, биохимии, биотехнологии, молекулярной биологии основаны модели, критерии и принципы создания сортов зерновых культур. Под руководством Оразалиева выведено 110 сортов зерновых, 40 из которых районированы и включены в Государственный реестр селекционных показателей. Автор 620 научных работ, в том числе 12 монографий. Владелец 10 алгоритмов и патентов, 40 авторских свидетельств. Награжден орденом «Почета» и несколькими медалями.


Rakhim Almabekuly Orazaliev (born December 8, 1935, Kamenka village, Karasai district, Almaty region) is a scientist, Doctor of Biological Sciences, professor, academician of the National Academy of Sciences of Kazakhstan. Honored Scientist of Kazakhstan. Graduated from the Kazakh Agrarian University. Rakhim Almabekuly Orazaliev studied the basic biological patterns of several varieties and types of wheat, the genetics and physiology of hybrid wheat, and created biological and breeding models of several varieties of the Kazakh agroecotype. Based on fundamental and applied research in the field of genetics, physiology, biochemistry, biotechnology, molecular biology, models, criteria and principles for creating varieties of grain crops are based. Under Orazaliev’s leadership, 110 grain varieties were bred, 40 of which were zoned and included in the State Register of Breeding Indicators. Author of 620 scientific works, including 12 monographs. Owner of 10 algorithms and patents, 40 copyright certificates. Awarded the Order of Honor and several medals.

4
QR коды
4